Пятница, 22 ноября, 2024
No menu items!

«7-20-25»: Алматы облысында мемлекеттік бағдарлама белсенді түрде жүзеге асырылуда

Басқа ақпараттар

Елбасының тапсырмасы негізінде Ұлттық банк әзірлеген «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы осы жылдың шілде айынан іске қосылған болатын. Жобада ипотекалық қарызды бастапқы 20 пайыз жарна төлей отырып 25 жылға 7 пайыздық сыйақы мөлшерімен беру қарастырылған. Аталған бағдарлама бойынша еліміздің кез келген өңіріндегі бастапқы нарықтан баспана алуға несие рәсімдеуге болады. Ипотекаға алынатын үйдің бағасы Астана, Алматы, Ақтау мен Атырауда 25 млн. теңге, ал басқа өңірлермен салыстырғанда Алматы облысында 15 млн. теңгені құрап отыр. Аталмыш бағдарлама негізінде 76 жетісулық тұрғын өз өтініштерін беріп, олардың жартысынан көбі мақұлданған. Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ұйымдастырылған  баспасөз – мәслихатында облыстық құрылыс басқармасы тұрғын үй және инженерлік желілер бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Саид Дарменов баяндады.

Бағдарламаға меншік құқығында баспанасы және басқа да ипотекалық қарыздары жоқ Қазақстанның әрбір азаматы қатыса алады. Бағдарлама қатысушысының кәсіпкерлік немесе еңбек қызметінен тұрақты расталған кірісі болуға тиіс. Қазіргі таңда «Баспана» Центркредит Банкімен, Халық банкімен, Еуразия Банкімен, Цесна Банкімен, АТФ Банкімен, РБК Банкімен және Тұрғын үй құрылысы жинақ банкімен келісімге қол қойылған. «Сбербанк» пен «Форте Банк» бағдарламаға қызығушылық танытып отыр, техникалық жұмыстарды аяқтағаннан кейін «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы  бойынша келісімге қол қойылады деп күтілуде. Осылайша, банктердің дамыған желісін ескере отырып, «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы елдің барлық өңірлерін қамтып, Қазақстанның біраз азаматтарына тұрғын үй алуларына үлкен көмегін тигізбек. Қазіргі уақытта 7-20-25 бағдарламасының мобильді қосымшасы әзірленуде, ол жуық арада App Store мен Play Маркет арқылы көшіріп алу үшін қол жетімді болады.

Спикердің айтуынша,   биыл Алматы облысында «7-20-25» бағдарламасы аясында жалпы аумағы 35 мың шаршы метр болатын  17 тұрғын үй қолданысқа берілмек. Бұған облыстық бюджеттен 5,4 млрд. теңге бөлінген. Сондай – ақ алдағы уақытта 500 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Олардың жалпы құны 15 млн.теңгеден аспайды. Бағдарлама аясында баспаналы болу үшін алдымен қарыз алушы екінші деңгейлі банкке жүгіне отырып қаржы төлеуге мүмкіндіктерін растау арқылы кейін банк мақұлдаса клиент құрылыс салушы компаниямен келісім шартқа отырып, көптен күткен үйіне қол жеткізе алады.

Жиында сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Сәкенова Әлия бағдарламаның тиімділігі жайлы айтып өтті.

— Бағдарламаның жылдық мөлшері 7%-ды құраса, ипотека тұрғын үй құнының 20% бастапқы жарнасымен және максималды түрде 25 жылға дейін несие береді. Бұл жұмысы, тұрақты табыс көзі бар адамдарға өте мемлекет тарапынан тиімді ұсыныс болып келеді. Себебі, үйді жалдап тұрғаннан гөрі, сол қаражатты өз баспанана құйған абзал. Несие алам деушілерге міндетті түрде жоғарыда айтылған банктерге жолығып, толығырақ ақпарат алуларына болады, — дейді ол.

Қазақстандықтардың жайлы баспанаға ие болып, алаңсыз тіршілік етуіне арналған бағдарлама өңірімізде ресми түрде қолға алынып, жақсы нәтиже көрсетіп жатқандығы жүрекке жылылық орнатады. Тұрғындар оның алғашқы игілігін де көре бастады. Алдағы уақытта бұл бағдарлама әлі көптеген отандасымызға шаттық сыйлайтынына сенімдіміз.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img