Четверг, 28 ноября, 2024
No menu items!

Алматы облысында инклюзивті білім беру жүйесі оң бағытта жүргізілуде

Басқа ақпараттар

Соңғы жылдары арнаулы білім  жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балаларды сапалы біліммен қамту өзекті мәселенің біріне айналды. Мәселелерді тұңғыш рет мемлекеттік деңгейде көтеріліп,  ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында инклюзивті білім беру  жүйесін дамыту жан-жақты қарастырылған. Инклюзив — сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.

Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін  мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.  Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы жатыр.

Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады. Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкншілігін қалыптастырады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттеріне: білім бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілікпен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы парасатты байыту» деп атап көрсеткен. Осыған байланысты қоғам алдына оқушының жеке басын үйлесімді дамытуа бағыттайтын міндеттер қойылып отыр.

Білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айрықша орын бөлінген. Бұл балаларға қатысты біздің алдымызда тұрған негізгі міндет – олардың әлеуметтік ақталуы мен бейімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету қажеттілігі басты назарға қойылған.

«Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені – батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, езіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі», — дейді ақын А. Құнанбаев.

Аталмыш, білім берудің бұл  түрі Алматы облысында қарқынды түрде жүргізілуде. Аймақта 2006 жылдан бері білім саласында мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық- педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету, оқытумен қамту мақсатында 7 психологиялық-медициналық педагогикалық консультациялар, 15 психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеттер, 7 арнайы мектеп-интернаттар ашылып, қазіргі кезде өз жұмыстарын атқаруда. Облыста барлығы 444 оқу орнында кедергісіз орта, яғни 67 балабақша, 329 мектеп, 57 колледж, ол барлық білім беру ұйымдарының жалпы санын алғанда 31 % -ын құраған.  Соңғы екі жылдың қорытындысы бойынша 49 арнайы мектепте 2228  оқушы инклюзивті біліммен қамтылған.

Алматы облысының білім басқармасының мектепке дейінгі, мектептен тыс және интернаттық мекемелер бөлімінің басшысы Гүлжан Елубаеваның айтуынша жыл соңына дейін инклюзивті білім беретін 100 маманды жұмысқа тарту көзделіп отырғанын айтып өтті.

«Экологиялық жағдай мен әлеуметтік мәселелерге байланысты қазіргі таңда инклюзивті білім беруді қажет ететін балалар саны өкінішке орай күннен- күнге өсуде. Осыған қарамасан, мемлекет балаларға қажетті мұндай ортаны 100 % -ға дейін қалыптастыруды міндеттеді. Осы мақсатта ағымдағы жылдың соңына дейін арнайы білім беру мекемелеріне 100 маман қабылдау жоспарланып отыр», — дейді ол.

Облыс мектептерінде психологиялық кабинеттермен  баланы оңалту жұмыстары 1 балаға 3 айға дейін жүргізіліп, процесс барысы ата-аналар қатысуымен өтеді. 105 күндік сараптама қорытындысы бойынша балаға қандай білім берілуі тиіс және қандай мекемеде ем алатыны анықталды.

Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады.  Мұндай оқыту түрі  арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды,  қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі  балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img