Воскресенье, 24 ноября, 2024
No menu items!

БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВТЫҢ «МЕНІҢ АТЫМ – ҚОЖА» ПОВЕСІ

Басқа ақпараттар

Қанша уақыт өтсе де, оқырман іздеп оқитын шығармалар болады. Жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» повесі де сол тізімге енген. Балалар әдебиетінің озық үлгісі саналатын туынды қазір де сұранысқа ие. Бүгінде кітап сөрелері түрлі-түсті суреттермен көмкерілген отандық және шетелдік туындыларға толы болса да, дәл осы шығарма оқырманды өзіне баурап алады.

Нұрбану ИБРАГИМҚЫЗЫ, №3 балалар кітапханасының қызметкері

«Менің атым – Қожа» шығармасы 1957 жылы жазылған. 1963 жылы «Қазақкинофильм» студиясы жаңағы шығарманы шығарманы сценарийлеп, кино ретінде көрсетті. Одан кейін 1967 жылы француздың Канн қаласында балалар мен жасөспірімдер фестивалінде жүлделі марапатқа ие болды. Яғни, біз бұл шығармада ауыл өмірі, ауыл өмірі баласының арманы, мақсаты, қиындықты жеңе отырып, талпынысы, құштарлығын көреміз. 

Повесть орыс, украин, француз, өзбек тілдеріне аударылып, әлем әдебиетіне енген. Автор бала Қожабергеннің жан-дүниесін асқан сыршылдықпен жеткізе алды. Кітап балаға өмірлік жолын табуға үлгі болар сырлы күнделік іспеттес. «Менің атым – Қожа» – заман шындығын, сол кездегі тұрмыс-тіршілік пен қазақы болмысты табиғи қалпында көрсететін шығарма. Болашақта жазушы болуды армандайтын Алина кітапты бірнеше рет оқып шыққан екен.

Алина СЕЙІТҚАЗЫ, оқырман, 12 жаста

«Менің атым Қожа» повесін мен 1 сыныптан бері оқып келе жатырмын. Ол кітап маған өте қатты ұнайды. Бұның ішінде Қожаның, оның сыныптастары, оның махаббаты және де тағы да басқа қызықты оқиғалар баяндалады. Қожаның арманы оқуды бітіріп, университетке түсіп, жазушы болу. Ал екеуміздің ұқсастығымыз болса, біз екеуміз бөлек-бөлек ғасырларда өмір сүрсек те, біз екеуміз де алдыға ұмтыламыз. Алдыға ұмтылып, жақсы болуға тырысамыз.

Повесть желісі бойынша түсірілген фильмді де көрермен ыстық ықыласпен қабылдаған. Кинокартина кітаптағыдай Қожа образы арқылы адамды ізгілікке тәрбиелейді. Қанша сотқар, тентек болса да, жақсы жолға түсуге бар күшін салып ұмтылатын ол – нағыз күрескер бейне.

Кітаптағы кейіпкерлер бір-біріне мүлдем ұқсамайтынымен ерекшеленеді. Әрқайсысының өзіндік табиғаты мен мінезі бар. Оқиға желісі жылдам өрбігенімен бояуы қанық, тілі жеңіл әрі шұрайлы. «Менің атым – Қожа» повесін қанша рет оқысаңыз да, жалықпайсыз. Ал сіз әлі күнге дейін бұл шығарманы оқымаған болсаңыз, іске сәт дейміз!

Сымбат Жанатқызы Төлекбергенова,

журналист

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img