Жайдарман: Республикалық премьер лига ойындарының финалы өтті

Басқа ақпараттар

Республикалық  Премьер  Лига ойындары қорытындыланды. Жыл бойы іріктеліп,  финалға  өткен командалар 16  қарашада өзара бақ  сынасып, чемпионды анықтады. Тартысқа толы   ойын  Алматы  қаласы, Алатау  дәстүрлі өнер театрында  өтті.

Финал  2  кезеңнен  тұрды: сәлемдесу және үй тапсырмасы. Қазылар алқасының  құрамында  Марат  Оралғазин, Дәулет  Кәрібек, Еркебұлан  Мырзабек, Ақылбек  Досжанов, Рамазан Фаилов болды. Әділ қазылардың  шешімімен, бас жүлде атыраулық  «Маями» командасына  бұйырды. Екінші орынды Рудный  құрамасы, үшінші  орынды  алматылық Made in ATU  командасы  иеленді.

Премьер Лиганың 2019 жылғы  маусымы осылай қорытындыланды. Жеңімпаздар арнайы  кубокпен және  дипломдармен марапатталды.  Премьер  Лига қатысушы командаларды шыңдап, үлкен тәжірибе мектебінен  өткізді.

Соңғы жарияланымдар

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды

Осы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады6 деп хабарлайды...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз