Жастар маусымындағы Жоғары лига ойындарының финалдық бәсекесі өтті. Финалды тамашалау үшін келген қонақтар Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік және келісім сарайының ішін лық толтырды. Ойын Қазақсан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында ұйымдастырылды.
Ақтық кезеңге дейін жетіп, үздік өнер көрсеткен командалар финалда бақ сынады. Олар:
— Фемида , Ақтөбе
— Өзенмұнайгаз құрамасы
— Элемент, Семей
— Грант, Орал
— Боранқұл, Маңғыстау
Финалда командалардың ойынына Марат Оралғазин, Еркебұлан Мырзабек, Көпен Әмірбек, Берік Уәли және Дәулет Кәрібек әділ қазылық етті.
Көрермен мен қазылар алқасының көңілінен шыққан қос бірдей Элемент және Фемида командалары жастар маусымының чемпионы атанды.
Қазылар алқасының шешімімен екінші орынды Боранқұл , үшінші орынды Өзен.Мұнай. Газ командасы қанжығасына байлады. ⠀
Финалдық бәсекенің эфирі Қазақстан ұлттық арнасының эфирінен көрсетілетін болады.