Елорданың ашық чемпионатының 1/8 ойындары өтті

1092

Жайдарманның  ең  басты  ерекшелігі- өз  шығармашылығына  өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы  болып жатқан  құбылыстарды  өзек етуінде  және де  халықтың  заманауи  сұранысының  талаптарына  сай  болуында.

Сахна  мәдениеті  мен шеберлік,  би, ән,  мимика,  сөйлеу  мәнері,  ой ұшқырлығы  сияқты  өнер атаулының  түрлі  жанрларын  қамтитын  аталмыш  ойын  шығармашыл  жастардың орталығы.

Осы орайда, «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен «Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен  3-4 маусым күндері Бейбітшілік және келісім сарайында

«JAIDARMAN LIVE» Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионатының  1/8 ойындары өткен болатын.

Аталмыш сайыстарға еліміздің барлық аймағынан әр түрлі командалар қатысып,бағын сынап көрді. Жақсы ұпайлар жинаған командалар келесі 1/4 ойындарға жолдама алды.