Пойыз билеттерінің ақшасын қалай қайтарып алуға болады?

Бұрын сатып алынған теміржол билеттерін тапсыруға шешім қабылдаған жолаушылар оларды қайтару кезінде кейбір өзгешіліктерді ескеруі тиіс, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

487

Бұрын сатып алынған теміржол билеттерін тапсыруға шешім қабылдаған жолаушылар оларды қайтару кезінде кейбір өзгешіліктерді ескеруі тиіс, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Төтенше жағдай кезінде жүретін жолаушылар пойыздарына пайдаланылмаған билеттердің ақшасын тікелей «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан және интернет ресурстар арқылы алуға болады.

Пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын (билеттерді) пойыз жөнелтілгеннен кейін 6 ай ішінде, бірақ одан кешіктірмей қайтаруға болады.

Бұл ретте, «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында жолаушылар жол жүру құнының ұсталусыз толық төлемін алады.

Интернет-ресурстары арқылы қайтару кезінде, толық емес құнды алған жағдайда, арадағы айырманы алу үшін жолаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларына жүгінуі қажет. Бұл жағдайда жолаушыларға жол жүру құнының айырмасын төлеу өтініші бойынша талап қою тәртібімен жүргізіледі.

Өтініш үлгісін www.bilet.railways.kz сайтындағы «Жолаушыларға» бөлімі қағидаларының 8.10-тармағының сілтемесі бойынша өтіп алуға болады.