What‘sApp мессенджерінде қазақстандықтарға ҚР Қаржы министрлігінен белгілі бір «мемлекеттік субсидия» төлеу туралы хабарлама таратылуда. Бұл — жалған ақпарат, деп хабарлады stopfake.kz.
Хабарламада ұсынылған ҚР Қаржы министрлігінің сілтемесі іс жүзінде бөгде ресурсқа апаратыны көрініп тұр.
Министрліктің ресми порталында мемлекеттік субсидиялар төлеу туралы хабарландыру жоқ.
Мұндай төлемдер туралы БАҚ-та да, басқа ресми ресурстарда да хабарланған жоқ.
«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінен.
Сонымен қатар, ақпаратты фейк екенін «субсидияны» алу әдісінен-ақ байқауға болады – хабарлама авторлары төлемдер туралы ақпаратты What‘sApp-та 20 адамға немесе бес топқа жіберуді ұсынады. Қазақстан Республикасында әлеуметтік төлемдер бұлай тағайындалмайды.