Тарихқа көз салсақ, жазғы және қысқы Олимпиадаға қатысқан 139 спортшы бар екен. Солардың ішінде ең ерекше спортшылар туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынбақпыз. Олардың кейбірі тіпті олимпиада чемпионы атанған.
Пита Тауфатофуа (Тонга)
2016 және 2020 жылдары өткен Жазғы Олимпиадада таэквондодан бақ сынады. Сондай-ақ 2016 жылы шаңғы тебуді youtube арқылы үйреніп, соңғы сәтте 2018 жылы Пхёнчхан қысқы Олимпиадасына жолдама алды. 119 спортшы бақ сынаған жарыста 114-орын алды.
Сеун Адигун (Нигерия)
2012 жылы Лондон Олимпиадасында жүгіруден бақ сынаған. 2018 жылы Нигерия тарихында алғаш рет қысқы Олимпиадаға қатысып, бобслейде бақ сынады. Нәтижесінде 19-орын (20 команда қатысты) алды.
Джон Фостер (Вирджиния аралы)
1972, 1976, 1984, 1988, 1992 жылдары жазғы Олимпиадада желкенді қайық спортында өнер көрсеткен. 1988 жылы қысқы Олимпиадада бобслейден қатысты.
Арвидс Юргенс (Латвия)
Футбол, Хоккей, Баскетбол спортынан ел чемпионы атанған. 1924 жылы Жазғы Олимпиадада футболда бақ сынап, қақпашы болған. 1936 жылы Қысқы Олимпиадада хоккейден өнер көрсетіп, шабуылшы болған.
Ал жалпы 5 спортшы қос олимпиада жүлдесін иеленген екен
Эдди Иган (АҚШ)
1920 жылы Жазғы Олимпиадада бокстан күш сынасып, чемпион атанған.
1932 жылы Қысқы Олимпиадада бобслейден чемпион атанып, әзірге қос Олимпиаданың да жеңімпазы болған жалғыз спортшы.
Якоб Туллин Тамс (Норвегия)
1924 жылы қысқы Олимпиадада трамплиннен секіруде алтын жүлде алды.
1936 жылы Жазғы Олимпиадада желкенді қайық спортында күміс жүлде еншіледі.
Кри́ста Лу́динг-Ротенбургер
1984, 1988, 1992 жылы қысқы Олимпиадада конькиден 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алған.
1988 жылы жазғы Олимпиадада велоспорттан күміс жүлде еншіледі.
Кла́ра Хьюз (Канада)
1996 жылы Атланта Олимпиадасында велоспорттан 2 қола жүлде алды.
2002, 2006, 2010 жылы өткен қысқы Олимпиадада 4 жүлде алды.
Лорин Уильямс (АҚШ)
2004, 2012 жылдары өткен жазғы Олимпиадада жеңіл атлетикадан 2 медаль алды.
2014 жылы Сочи Олимпиадасында бобслейден күміс жүлдегер атанды.
Ал екі олимпиада да 1 спорттан жүлде алған спортшы бар болып шықты.
Йи́ллис Гра́фстрём (Швеция)
Мәнерлеп сырғанаушы Йи́ллис Гра́фстрём 1920 жылы өткен жазғы Олимпиадада алтын жүлде алды.
1924 жылы мәнерлеп сырғанау спорты Қысқы Олимпиадаға ауыстырылып, ол жерде чемпион атанды (1928 жылы алтын, 1932 жылы күміс).