Пятница, 22 ноября, 2024
No menu items!

Алматыда терроризмге қарсы операция режимі енгізілді

Басқа ақпараттар

Алматы қаласының Түрксіб ауданында антитеррорлық операция режимі енгізілді. Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штабтан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб ағымдағы жылдың 26 қаңтарында сағат 00.00-ден 27 қаңтар сағат 00.00-ге дейін Алматы қаласы Түрксіб ауданы аумағында антитеррорлық операция режимі енгізілгенін хабарлайды», — делінген мәліметте.

Еске салсақ, биылғы 4-6 қаңтар аралығында терроризмге қарсы операциялар барысында Алматыдағы мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық нысандарға қарақшылық шабуыл жасаған ұйымдасқан қылмыстық топтың 5 басшысы мен мүшелері ұсталған еді.

Тұтқындау кезінде күдіктілерден қару-жарақ («ПМ», «ТТ» маркалы тапаншалар, кесілген шолақ мылтық, оларға арналған патрондар), ұнтақ тәрізді зат және ерекше иісі бар таблеткалар табылды.

«Арнайы және құқық қорғау органдары жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылар мен ұйымдастырушыларды анықтау бойынша жедел-іздестіру операцияларын жалғастыруда.

Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарауды, олардың заңды талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз», — деп атап өтті Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабынан.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img