Бейжің Олимпиадасының жабылу салтанатын қайдан көруге болады?

438

20 ақпанда Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қытай астанасында өткен төрт жылдың басты бәсекесі тарих қойнауына енуге жақын. Олимпиада эстафетасын Бейжіңнен 25-кезекті ойындар өтетін Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалалары қабылдап алады.

Олимпиада-2022 жабылу салтанатының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:20-да басталады, салтанатты шараны мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.