Шығыс Қазақстан облысында «Еңбек» бағдарламасы аясында колледж түлектерінің 90 пайызы жұмысқа орналасты.
ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, өңірде «Еңбек» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Мұндағы мақсат – кадрларды оқыту және даярлау, мамандарды несиелендіру, гранттар бөлу және жұмысқа орналастыру.
«Бірінші бағыт бойынша ірі кәсіпорындармен ынтымақтаса отырып құзыреттілік орталықтары ашылған. Осының нәтижесінде, колледж түлектерінің 90 пайызы жұмысқа орналастырылды. Несиелеуге қатысты айтар болсақ, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға төрт пайызбен несие берілуде. Өтеусіз гранттарды 2275 отбасы жеңіп алды», — деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.