Бүгін “Шаңырақ” бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталды.
Өтінімдер 2022 жылғы 1-9 наурыз аралығында қабылданады.
Осы бағдарлама шеңберінде Metro Cash& Carry супермаркетінің жанындағы таза әрленген пәтерлер шаршы метріне 220 000 теңгеге, яғни 1 бөлмелі пәтер үшін 7 млн теңгеден бастап және 2 бөлмелі пәтер үшін 11 млн теңгеден бастап ұсынылады.
Өтінім беру кезіндегі құжаттар тізімі?
– Тек SMS растау үшін ұялы телефон.
Кім қатыса алады?
– тұрғын үйге кезекке қойылған күніне қарамастан Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтардың барлық санаттары.
“Шаңырақ” бағдарламасының шарттарын еске саламыз:
– Қарыздың ең жоғарғы сомасы-18.000.000 теңге;
– Бастапқы жарна-10%;
– Жылдық 5% – бен;
– Несиелеу мерзімі 20 жылға дейін;
– Отбасының бір мүшесіне табыс 133 266 теңгеден аспауы тиіс (мысалы: 4 адамнан тұратын отбасы, яғни 2 кәмелетке толмаған бала мен ерлі-зайыптылар, мұндай жағдайда табыс отбасына 133 266*4=533 064 теңгеден аспауы тиіс);
– Отбасы банкте жинақ шотының болуы.
Осы бағдарлама бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін өтеу үшін өтеусіз негізде 1.5 млн. теңге мөлшеріндегі тұрғын үй сертификатын азаматтардың мынадай санаттары ала алады:
– “Халықтың әлеуметтік осал топтары”;
– “Көп балалы отбасылар”;
– “Жетім балалар”;
Тұрғын үйге кезекте тұрған келесі қызмет салаларының қызметкерлері:
– білім беру (тек педагогикалық қызметкерлер: мұғалімдер, тәрбиешілер т. б.),
– денсаулық сақтау (тек медицина қызметкерлері: дәрігерлер, медбикелер және т. б.),
– мәдениет;
– спорт;
– әлеуметтік қамсыздандыру;
– ІІМ жанындағы полиция департаменті;
Сертификат алу үшін “тұрғын үй орталығына” Республика даңғылы, 32 мекенжайы бойынша тек отбасы қарызын банк мақұлдағаннан кейін ғана жүгіну қажет. Тұрғын үй сертификатын алу үшін табыс отбасының бір мүшесіне 111 655 теңгеден аспауы тиіс. Барлық сұрақтар: 300 (Ұялы телефоннан тегін).