Қазақстан халықаралық IELTS емтиханындағы жалпы балл бойынша Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония және Өзбекстаннан алда тұр. Соңғы үш жылда халықаралық TOEFL iBT емтиханының қорытындысы бойынша Қазақстан — Орталық Азия елдері арасында үздік атанды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Қазақстан соңғы үш жылда халықаралық TOEFL iBT емтиханының нәтижелері бойынша оң динамика көрсетіп жүр: 2018 жылы – 82 балл, 2019 жылы – 85 балл, 2020 жылы – 120 балдан 86 балл. Орталық Азия елдері арасында – бұл ең жоғары көрсеткіш. CEFR Жалпыеуропалық жүйесіндегі ағылшын тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес, бұл көрсеткіштер ағылшын тілін білудің шекті немесе орташа деңгейіне (B1) сәйкес келеді. Яғни бұл тұрмыстық жағдайларда тілдесу мүмкіндігін немесе таныс тақырыптар бойынша әңгімелесуге болатынын білдіреді. Тілдік дағдылар бөлінісінде қазақстандықтар тыңдау және сөйлеу бойынша орташа есеппен әрбір бөлімдегі 30 ең жоғары балдан 22 балл, оқу және жазу бойынша 21 балл жинайды.

Қазақстандықтардың халықаралық IELTS емтиханындағы нәтижелері ерекше қызығушылық тудырады. 2019 жылы азаматтардың ағылшын тілін меңгеру деңгейінің орташа балы ең жоғары 9-дың 6,1 балын құрады, бұл білікті пайдаланушы деңгейіне сәйкес келеді. Бұл қазақстандық үміткерлердің кейбір нақтыланбаған ақпаратқа қарамастан, тілді жақсы меңгергенін білдіреді. Олар күрделі тілді, әсіресе таныс жағдайларда қолданып, түсіне алады. Тілдік дағдылардың түрлері бойынша қазақстандықтар оқу және тыңдау бойынша айтарлықтай жоғары нәтиже (6,3 балдан), ал сөйлеу (6,0) мен жазу (5,6 ұпай) бойынша біршама төмен нәтиже көрсетіп отыр. Кейбіреулер таңданатын шығар, бірақ олар IELTS халықаралық емтиханындағы жалпы балл бойынша Қазақстанның Корея (6,0), Қытай (5,8), Жапония (5,8), Өзбекстан (5,7) және тағы басқа көптеген елден озып кеткеніне қызыға қарайтын болады.

Бірақ IELTS және TOEFL елдер бойынша ресми рейтинг жасамайтынын есте ұстаған жөн.

Одан бөлек, олар бойынша жалпы қорытындылар жасау да қиын.

Өйткені академиялық адалдықты қамтамасыз етумен және барлық төрт тілдік дағдыны бағалаумен байланысты артықшылықтарға қарамастан, EF SET-пен салыстырғанда IELTS және TOEFL-да да бірнеше маңызды параметрлер қамтамасыз етілмейді. Атап айтқанда, репрезентативті іріктеу, тестке қатысушылардың бірдей үлесі және басқа да әдістемелік деректер есебінен салыстырмалы нәтижелері.

Көріп отырғаныңыздай, мұндай деректермен және рейтингтермен жұмыс істегенде, ең алдымен әдістемеге назар аударып, содан кейін ғана қорытынды жасау керек.

Өкінішке қарай, осындай деректер бойынша толыққанды ақпарат пен егжей-тегжейлі талдаудың болмауы жекелеген субъективті пікір қалыптастыруға кедергі болмайды.