Интернет журналистке арналған 140 кеңес

1653

Александр Амзиннің әр кеңесі 140 символмен жазылған твиттер-форматтағы интернет-журналистке арналған кітабынан үзінді. Бұл тек интернет-журналистке ғана емес, көпшілікке арналған қызық нұсқаулық.

Жаңалықтардың құрылымы

  • Тақырыпты не оның алғашқы нұсқасын жаңалық жазардан бұрын ойлап табыңыз, кейін емес.
  • Тақырып атауында етістік болсын.
  • Тақырыптағы етістік нақ осы шақта болмауы керек. Жаңалық — өтіп кеткен не өтейін деп жатқан нәрсе туралы хабарлама.
  • Асстарламаңыз, нақтылап отырыңыз. Егер Зимбабвенің президенті туралы «Президент қайтыс болды» деп тақырып қойсаңыз, ол Қазақстан басылымдарында маңызды емес.
  • Тақырыптың нақтылығы мен дәлдігін ешқашан құрбандыққа шалмаңыз.
  • Тақырыпты көшіріп пайдаланбаңыз: өзгенің ойын толық түсіндіру қийындау.
  • Дереккөзден таралған хабарламаны оқыңыз. Сосын, түпнұсқа мәтінді шетке лақтырып, жаңалықты өзіңіз қайта жазып шығыңыз. Қайталаңыз.
  • Басында ең маңыздысын, сосын басқаларын жазған дұрыс. Маңыздысы тақырыпта сұранып тұруы керек.
  • Жаңалықта кемінде екі дереккөз пайдалануға тырысыңыз.
  • Бір фактты бір жаңалықтың ішінде екі рет қайталамаңыз.
  • Егер жазылған жаңалықты жазып болған соң, сұрақ әлі туып жатса, онда оны қайта жазып шығыңыз.
  • Ал егер сұрақтар әлі өз жауабын алу бір қоңырау шалу арқылы шешілсе, жасаңыз.
  • Мақаланың құрылымын факттерді топтастырған соң ойластырыңыз, алдын емес.
  • Оқырманның басты сұрақтарына жауап беріңіз: кім. не, қашан, неге және не үшін.
  • Оқиғаның алғышартын табыңыз. Ол туралы оқырманмен бөлісіңіз, болып жатқан оқиғаның себебін анықтап білуге тырысыңыз.
  • Жаңалық мәтінінде сіздің жеке көзқарасыңыз болмауы тиіс. Сезімталдыққа жол жоқ.
  • Сіздің жаңалығыңыз өзіңізге ұнауы керек, әйтпесе ол шала әрі қоқыс деп есептеңіз.
  • Оның үстіне, мәтін өзіңізге ұнамаса, ол оқырманға да ұнамайтынын ескеріңіз.
  • Микрохарактиристиканы пайдаланыңыз. Саясаткерді саясаткер деп, кинопродюсерді кинопродюсер деп жазғаныңыз дұрыс.
  • Барлық мәліметті 4-6 абзацқа сидырыңыз, олай болмаса, мақала етіп жазыңыз.
  • Сіз мәтін емес, гипермәтін жазып отырсыз. Сөзіңіздің түсінікті әрі дәлелді шығуы үшін қажетті жердің бәріне сілтеме беріп отыруды ұмытпаңыз.
  • Жаңалық бір оқығаннан ұнауы керек., себебі оны бір-ақ рет оқиды.
  • Шындықты ақпаратпен шатастырмаңыз: сіздің мәтініңіз болған оқиғаны сол күйінде емес, тек дереккөзден тараған хабарламаны ғана қайталайды.

«Интернет журналистке арналған 140 кеңес» кеңестер тізімін Александр Амзиннен аударған ӨРКЕН КЕНЖЕБЕК.

Жалғасы бар…

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаAstana CityPASS туристік картасы
Келесі мақалада«Жетісу жүйрігі» облыстық турнирі өтеді