Тұмаудың алдын алу жолдары

2427

Күн суытып, салқындаған сайын аурудың дендеп, асқындайтын кезі. Адамдардың көбінде кездесетін ауру түрі – тұмау. Тұмау – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Егер тұмау асқынып кетсе тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады.

«Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде», — деп текке айтылмаған. Медициналық жолмен тексерілген жөн, алайда үй жағдайында жасауға болатын халық емін де біле жүріңіздер.

Тазартылған 50 грамдай өсімдік майына сарымсақ (2-3 бөлігін) пен орташа көлемдегі пияздың төрттен бірін майдалап турап, араластырып, қоспаны бір түнге қалдырыңыз. Келесі күні оны сүзіп, сөлін мұрын қуысына тамызыңыз.

Тұмаудың тағы бір емі – бал қосылған сүт. Ауырған кезде сүті бар шайға бал немесе сары май қосып ыстықтай ішіңіз. 1 стақан ыстық сүтке 1 шай қасық бал, ұсақталған немесе үккіштен өткізілген сарымсақтың бір бөлігін араластырыңыз. Дәмді болмаса да бұл тәсіл тұмауды бірден жояды.

Тазартылған бүтін күшаланы отқа шала пісіріп алғаннан кейін, сыртын қырып тастап, сүтке ашытып ішсе, тұмауға және өкпе ауруларына ем болады. Оны үнемі ішіп тұрудың пайдасы зор.

«Әр елдің салты басқа…», — демекші, тұмауды емдеудің және суық тиюдің алдын алу үшін әр ұлт өзіне тән емдік тәсілді қолданады. Мәселен сырқаттанған жапондық 10 кесе ыстық көк шай ішеді. Өйткені бұл емдік сусынның құрамында вирустың белсенділігіне қарсы тұратын катехин бар. Сондықтан шәй плантацияларымен аты мәшһүр болған Сузоки ауданының тұрғындары респираторлық індеттерге аз шалдығады екен.

Авторы: Сәулет Ибрагимқызы

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаЖайдарманның «ҚазАТУ-ға 60 жыл» арнайы жобасы өтті
Келесі мақаладаҚазақстан мұражайлары