Қызықты фобиялар

7469

 Сіз  америкалық суретші- мультипликатор, режиссер Уолт Диснейдің тышқаннан қорыққанын білесіз бе?  Яғни, музофобия. Бірақ Уолтер Дисней  қорқынышына қарамастан, қоймадағы  тышқандарды бақылай келе «Микки маус» мульткейіпкерін ойлап тапты.

  Сол сияқты америкалық әнші,   XX ғасырдың танымал моделі Мэрилен Монро сахнаға шығуға қорықса, атақты «поп музыка каролі» Майкл Джексон иттерден қорқатын болған. Сол сияқты актриса Кристен Стюарт «Белоснежка и охотник» кинокартинасына түсу үшін өзінің гипофобиясын (жылқыдан қорқу) жеңіп шыққан.

  Тіпті әлемді жаулап алғысы келген, фашистік бағытты ұстанған Адольф Гитлер мен  Напалеон Бонапарт, Юлий Цезарь сынды қатыгез қолбасшылардың мысықтан қорыққандығына сену қиын.

Мұхит аспай-ақ,  Қазақстанның  шоу бизнесіндегі   әншілердің фобиясына тоқталсақ,  Меруерт Түсіпбаева  судан, Шахизада жалғыз қалудан, Жұбаныш Жексенұлы  жыланнан, Айгүл Иманбаева  иттен қорқатындықтарын жасырмайды.

   Иә, мұндай фобия түрлерінен қорқатындар баршылық. Ал сіз  «ақылға сыймайтын» қызық әрі оғаш  фобия түрлерін білесіз бе?

  1. Авидсофобия — адамдардың құсқа айналып кетуден қорқуы.
  2. Аматофобия – шаңнан қорқу. Яғни адамның шаң тамағыма тұрып ауа жетпей қалады деп сескенуі
  3. Андротиколобомассофобия – ерлердің құлағынан қорқу.
  4. Арипофобия – тазалықтан қорқу.
  5. Аутофобия – адамның өз-өзінен , яғни жалғыз қалудан қорқуы.
  6. Тетрафобия – 4 санынан қорқу. Бұл ежелгі  қытай иероглифтеріндегі  4 санының  таңбалануының «өлім» деген сөздің таңбалануымен ұқсас болуынан туған.
  7. Гиппопотомомонстросесквипедалиофобия – аты айтып тұрғандай ұзақ сөздерден қорқу.
  8. Филофобия – ғашық болудан қорқу.
  9. Ангинофобия – жіңішке заттардан қорқу
  10. Фагофобия — тамақтарды жұтудан қорқу.

  Ғалымдардың зерттеуінше кейбір адамдар қорқынышының жоқ болуынан да қорқады екен. Ал бұл  ғылымда «афобофобия» деп аталады.  Демек,  ешнәрседен сескенбеймін дейтін жанның да фобиясы болуы мүмкін.

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаҚазақстан мұражайлары
Келесі мақаладаӘлемнің ең ерекше 10 көлі