Интернет журналистке арналған 140 кеңес (жалғасы)

1828

Аударма жəне шет тілдері

  •  Ешқашан автоматты аудармашыны пайдаланбаңыз
  • Бір ғана жағдайда пайданыңыз, алдыңызда тіл білетін ешкім болмай, ал сəзге жазылған ақпараттың мағынасына көз жеткізу керек болса.
  • Мүгедек, паразит сөздерді пайдаланудан аулақ болыңыз.
  • Сөздіктегі сөздің алғашқы жазылған мағынасымен шектеліп қалмаңыз.
  • Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін мұқият қадағалап оқыңыз.
  • Мағынасы күмəнді сөздердің түсіндірмесін əрқашан сөздіктен қарап отырыңыз.
  • Егер сіз іскерлік ағылшын тілін білсеңіз, ол өнертану не компьютерлік тақырыптағы мəтінді түсінетіндігіңізді білдірмесе керек.
  • Шетелдіктермен өз тілдерінде сөйлесуге тырысыңыз. Ол сіздің мамандығыңызға өте пайдалы екенін ұмытпаңыз.
  • Көптеген журналистер еріншектігінен тек қазақтілді дереккөздерден ғана сусындап отырады.
    Шет тілдегі дереккөздерге жету мүмкіндігі сізге бəсекелік артықшылық беретінін ескеріңіз.

Этика жəне баспасөз қызметімен қатынас.

  • Баспасөз конференциясына тек ол сіздің басылымыңызға пайда əкелсе ғана қатысыңыз.
  • Уақытыңызды фуршеттерге емес, сұрақ қоюға көбірек жұмсаңыз.
  • Пиар-мамандар сізге өзінде бар ақпаратты жібере берсін, керектісін өзіңіз іріктеп аласыз.
  • Баспасөз хатшысына ақпаратты тексеріп не нақтылап алу үшін қоңырау шалуға ерінбеңіз.
  • Пресс-релизді басқа деректер арқылы тексеруді де ұмытпаңыз.
  • Əрқашан алғашқы дереккөзді ізденіңіз, қайталанған ақпаратқа сенім артпаңыз.
  • Пиар-мамандарынан өз контакктарыңызды жасырып қалмаңыз, олар пайдалы болуы мүмкін.
  • Ештеңеге қарамастан, пиар-қызметтіе эмбаргосын сақтап отырыңыз.
  • Эмбарго болған жағдайда ескеретін нəрсе: егер ол бəсекелестерден таралған ақпарат болса, сақтамауға болады. Белгісіз болып қалғысы келген дереккөзіңізді ешқашан жəне ешкімге, ешқандай жағдайда жарияламаңыз.
  • Материалға қатысты ақпарат көздеріне мақала жазардан бұрын хаи жазыңыз. Егер 40 минуттай хатқа жауап болмаса, онда қоңырау шалыңыз.
  • Пошта арқылы сұрау салу сəтті аяқталса, дайын мəтінге қол жеткізесіз.
  • Баспасөз қызметтері телефонмен түсініктеме бермейтін компаниялардың тізімін біліп жүріңіз.
  • Қымбат сыйлықтарды сіздің сұрауыңыздан тыс жіберсе, қабылдамаңыз, қайтарып жіберіңіз.
  • Өз құқықтарыңызды ешқашан ұмытпаңыз, материалды өзгертпекші болған себепсіз бопсалауларға ермеңіз.
  • Мəтінді ешқашан басқа жерден көшіріп алмаңыз.

Авторы: Ақмарал АҒЗАМҚЫЗЫ

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаСіз білесіз бе?
Келесі мақаладаҚытай туралы 10 факті