Интернет журналистке арналған кеңес

1933

КОРРЕКТУРА
• Бастауыш пен баяндауыш арасында ешқашан үтір қойылмайды.
• Редактор мен корректорге сенім артпаңыз. Біріншісі — мәтіннің байланысуын, екіншісі — қателерін ғана тексереді. Олар сіздің кемшіліктеріңізді жабуға міндетті емес.
• Факт пен арифметикалық есептерді қайта тексеріңіз. Әсіресе, есептерді тексеріңіз, өзіңіздікін де, өзгенікін де.
• Өзіңіз жазған нәрсені қайта оқып шығыңыз.
• Мәтініңізді жөндемекші болған әріптестеріңізге ренжімеңіз. Олар сізге жамандық ойламайды.
• Орфографияны автоматты тексеруге ешқашан сенбеңіз.
• Асты қызылмен сызылған сөздер туралы ұмытыңыз, — ол автоматты тексеру.
• Өзіңіздің сүйікті паразит-сөздеріңіздің тізімін жасап, жаңалық мәтініне оларды жібермеуге тырысыңыз.
• Бір не одан да көп қатарға созылған сөйлемді бөліп жазуға тырысу керек. Үтірлерді нүктеге ауыстырсаңыз болғаны.
• Абзацтар мәтінде негізгі рөлде болмауы керек. Оларға тек 3-4 сөйлемнен тұратын ой деп қарау керек.
• Сыбырлаған дауыспен өз жаңалығыңызды оқып шығыңыз. Сүрінген жерлеріңіз болса, қайта жазыңыз.
• Сөйлемдегі сөздерді соңынан бастап оқып көруге де болады. Ол мәтіннің жұтылып кетпеуіне мүмкіндік береді.
• Егер қарапайым грамматикалық заңдылықтарды білмесеңіз, мамандығыңызды ауыстырғаныңыз жөн.
• Осы қатарға «сосын», «жаңағы», «сондай-ақ», «сонымен бірге», «айтпақшы», «мысалы» деген сөздерді де жатқызуға болады.
• Мәтіннің ішінен «болуы керек», «болуы мүмкін», «дегенмен», «оны айтпағанда», «айтпақшы», «мысалы» және т.с.с деген мағыналық салмақсыз сөздерді алып тастаған дұрыс.
• Мәтінді сізбен жақын таныс емес адамға оқытуға жіберейін деп жатсаңыз, оның сыртқы келбеті шимайсыз сыпайы болғанын қадағалаңыз.
• Сұхбатты келісімге жіберерден бұрын, оны оқуды жеңілдететіндей етіп сипап қойыңыз.
• Айтылған сөзді дұрыстауға тырыспаңыз. Ньюсмейкердің (жаңалық жасаушы) шала тілін дұрыстап, жалпы мағынасын бергіңіз келсе, жанама айтылған сөздерді пайдаланыңыз.
• Корректордың бірінші ережесі: мәтінде қанша қате түзетілгеніне қарамастан, тағы біреуін әрқашан табылады. Алдыңғы жолда, мысалы, бар. Байқадыңыз ба?
• Өз стиліңізді жасаңыз. Қазақ тіліндегі стильдік ерекшеліктер туралы еңбектерді оқып жүріңіз.
• Сөйлем ішінде ұқсас сөйлем мүшелер санын көбейте бермеңіз.
• Мәртебе, атақ, даңқ атауларын қысқартып жазуды үйреніңіз.
• Синонимдерді кеңірек қолданыңыз.
• Қазақ тілінің грамматикасына қатысты ғылыми еңбектерді оқып тұрудан жалықпаңыз.
• Стильдік тұрғыдан нейтралды сипатта жазуға тырысыңыз. Сөйлем ішінде архаизмдерді көп қолданбаңыз.
• Леп белгісі мен көп нүктеден мүлде бас тартыңыз.
• Сөздерді «жирный«, «курсив«, «подчеркивание» жасауға асықпаңыз.
• Географиялық атаулар мен адам аттарын қайта-қайта тексеріңіз. «Бейджинг», «Мумбай», «Тайланд», «Гонг Конг» екенін ұмытпаңыз.

Қабілет, қулық пен өнімділік.
• Кез келген іздеу жүйесінде сұрау салуды, оның интерфейсін және мүмкіндіктерін зерттеңіз.
• Зерделенген біліміңізді күнделікті қолданып жүріңіз.
• Бір ғана іздеу жүйесімен шектелмеген дұрыс.
• НТМL тілін меңгеріп алыңыз, ол сізге қандай мансапта болмасын керек болады.

«Интернет журналистке арналған 140 кеңес» кеңестер тізімін Александр Амзиннен аударған Өркен Кенжебек.

Жалғасы бар…

Бөлісу:
Алдыңғы мақала«Жайдарлы Жас ұлан» КТК республикалық конкурсы  өтеді
Келесі мақаладаСпорт туралы ең қызық деректер