Тұмауды алдын алудың жолдары

2200

Тұмау – бұл респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) тобына кіретін вирус арқылы туатын ауру. Қазақстанда жыл сайын эпидемиологиялық кезеңде ЖРВИ-мен және тұмаумен 800 мыңнан 1 миллионға дейін адам ауырады. Тұмауратқан адамдардың саны артқан сайын, тұмаудың асқынуы да өршиді, бұл – заңдылық.

Тұмаудың алдын алудың жолдары:

  1. Дәрігердің қабылдауында болыңыз.
  2. Тұмау кезінде адам көп жерлерге барудан бас тартыңыз (қоғамдық көлікпен жүруді доғарыңыз) Дегенмен, таза ауа жұтып, серуендеуді тоқтатпаңыз.
  3. Бөлмені, үйіңіздің терезелерін жиі ашып, желдетіп тұрыңыз.
  4. Тазалау кезінде арнайы сұйықтықтарды пайдаланғаныңыз жөн (хлор, т.б.)
  5. Дәрігердің қабылдауында болыңыз.
  6. Дәріханадан қажет дәрі-дәрмектерді түгелдеп алыңыз.( Оксолин майы, мұрынға арналған тамшылар)
  7. Жеміс-жидектерді, көкөністерді көбірек пайдаланыңыз.
  8. Таңғы, түскі, кешкі астың бәрімен сарымсақ, пиязды қосып пайдалануды әдетке айналдырыңыз.
  9. Лимон қосылған шайды көзіңізге көрінетін жерге қойып қойып, көп мөлшерде ішіңіз.
  10. Кез-келген сұйықтықты көп мөлшерде пайдаланған дұрыс.
  11. Толық тамақтаныңыз, тәбетіңіздің болмауы заңдылық. Бірақ, сіздің иммунитетіңіз аурумен күресу керек екені есіңізде болсын.
  12. Тұмаумен ауыратын науқасты басқалардан оқшаулауды ұмытпаңыз.
  13. Вирустарды өлтіру үшін пияздың шырынын мұрыңызға тамызыңыз (мұрыныңыз «шайдай» ашылады!)
  14. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен жапқаны жөн.
  15. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуы керек, олар жиі қайнатылып жуылуы тиіс.   

Авторы: Қарлығаш Курамысова