«JAIDARMAN LIVE-2021» ЖЕҢІМПАЗЫ ТҮРКІСТАНДЫҚ «ТӨЛЕ БИ» ҚҰРАМАСЫ

39
Жалынды жастардың  басын қосқан   «Жайдарман» әзілқойлар мен  тапқырлар сайысы  көпшіліктің  сүйіп  көретін  және  сүйіп  ойнайтын  әзіл алаңы. Жайдарман  қозғалысы  қазіргі  кезде еліміздегі  әр  мектепте, жоғары  және  арнайы  оқу орындарымен  қатар, мекемелерде  де  құрылып, елімізде кеңінен  танылып келеді.

Жайдарманның  ең  басты  ерекшелігі- өз  шығармашылығына  өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы  болып жатқан  құбылыстарды  өзек етуінде  және де  халықтың  заманауи  сұранысының  талаптарына  сай  болуында.

Осыған орай, «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен «Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен ағымдағы жылдың   5 тамызында  Бейбітшілік және келісім сарайында «JAIDARMAN LIVE» Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионатының  финалдық ойындары өткен болатын.

Сайыс нәтижесі бойынша ең көп ұпай жинап 1-орынды Түркістан облысынан келген «Төле би» құрамасы қанжығасына байлады. 2-орынды Атырау қаласынан келген » Құтқарушылар» құрамасы, БҚО-нан келген «Талант» — 3-орынды иеленді. Ал, «Үздік ойыншы» номинациясын «Құтқарушылар» командасындағы Таскаиров Еркебулан жеңіп алды.

Осымен, «JAIDARMAN LIVE» Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионаты  ойындары өз мәресіне келіп жетті. Келесі жылы жеңімпаз командаларды жоғары лига ойындары сахнасынан көреміз деген үміттеміз.

Бөлісу:
Алдыңғы мақала«JAIDARMAN LIVE» НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ АШЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ  ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛ ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ
Келесі мақалада«Zhantaq Tea»: Алматы облысында өндірілетін пайдалы сусын жайлы не білеміз