Алматы облысында «Дін мен дәстүрдің сабақтастығы» атты облыстық семинар өтті

1280

Семинардың мақсаты – дін мен дәстүрдің егіз екенін насихаттау.

Семинарды «Алматы облысының дін істері басқармасы», «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы ұйымдастырды. Ондағы мақсат – дін мен дәстүрдің егіз екендігін насихаттау.

Шараға Балқаш ауданы әкімінің орынбасары Б.Рахымбаев, шет тілдері және іскерлік карьера университетінің оқытушысы, Дінтану ғылымдарының PhD докторанты Н.Адуллаев, Алматы қалалық Дін істері жөніндегі басқармасының Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Т. Нүсіпхановтар келіп, қатысушыларға Дін мен дәстүрдің сабақтастығы жайлы толық ақпарат берді.

Семинарға Алматы облысы «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, дінтану және зайырлылық пәні мұғалімдері, аудан имамдары, ауыл тұрғындары, белсенді жастар, қатысып дін саласындағы мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, қосымша керекті ақпарттармен қамтылды.