Әйгілі «Тутамас» хитін түрік жұлдызы қазақстандық әншіге табыстады

96

 

Қазақстандық жас талант атақты түрік әнін қазақ тілінде шырқамақ. Түркияның әйгілі әншісі Мурат Кекили өз төлқұжатына айналған “Bu akşam olurum” (Tutamas) әнін “А-Элит” продюсерлік орталығының әншісі Абзал Тасмұханбетке тарту еткен. Instagram парақшасына түрік әншісінің арнайы құжатқа қол қойып жатқан сәтінен видео жариялаған Абзал өз тыңдарманына қуанышты жаңалығын жеткізді.»Бір кездері хит болған “Тутамас” (Bu Aksam Olurum) әнінің авторы әрі орындаушысы Мурат Кекилли аталмыш әнді қазақша орындаудың эксклюзивті құқығын маған берді. Бұйыртса қазір әннің мәтіні мен аранжировкасын жазуға кірісіп жатырмыз», — дейді Абзал Тасмұханбет. Айта кетерлігі, Мурат Кекилидің 1999 жылы шығарған “Bu akşam ölürüm” атты альбомы үлкен сұранысқа ие болып, ең танымал үнтаспаға айналған еді. Бұл ән тек Түркияда ғана емес, алыс-жақын шетелдерде де хит болып, 2000 жылы Түркияның ең беделді музыкалық марапатын иеленген.Сондай-ақ, Kral TV Video Music Awards-2000 музыкалық премиясында Мурат Кекили “Жылдың ең үздік рок вокалисты” атағын жеңіп алған. Абзал Тасмұханбеттің айтуынша, әннің қазақ тіліндегі нұсқасы әдемі махаббат тақырыбында шырқалмақ. «Таяу күндерге клиптің түсірілімі жоспарланды. Оның сюжеті де қызық болғалы тұр. Көп ұзамай жаңа туынды қалың көрерменге жол тартады», — дейді ол. Сонымен қатар, жақында ғана жас әншінің Стамбул қаласында түсірілген «Қош махаббат» бейнебаяны жарыққа шыққан. Бүгінгі таңда Абзал Тасмұханбеттің бірнеше әні отандық телеарналардан көрсетіліп, YouTube желісінде жақсы қаралым жинап келеді.

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаЖайдарман түлегі –Ниязбек Шайсұлтанов