Алматы облысында «SILK WAY-2017» халықаралық би фестивалі өтеді

2009

«SILK WAY-2017» халықаралық би фестивалі Жетісу жерінде биыл бесінші рет өткізіліп отыр. Жылда өткізілетін жарыс үлкен дайындықты талап етеді. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

Ағымдағы жылы өтетін би фестивалінің ерекшелігі әр елден келген топтар өнер көрсетпек. Мәселен, АҚШ, Еуропа, Қазақстан құрамалары және Жетісу жерінен шыққан «Арлан» би тобы жарыста «Hip-hop», «Show Professionals», «1х1», «3х3» сынды би түрлері бойынша жарысады. Әділ қазылар алқасы құрамында әлемнің танымал бишілері Link, Bruce, Storm болмақ.

«Аталмыш би фестивалі еліміздің жастарының биге деген қызуғышылығын арттырады деген ойдамын. Себебі, бұл би алаңында әлемге әйгілі Майкл Джексонмен бірге билеген бишілер де болмақ. Бұл жарыс бишілерді одар әрі шабыттандыратынына сенімдімін», – деді «Funky Tawn» шығармашыл жастарды қолдау орталығының жетекшісі Марат Ягфаров.

Айта кетсек, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында 19-20 тамыз аралығында халықаралық би жарысы өтеді.