Алматы облысында Қызылағаш оқиғасындағы балаларға арналған фотокөрме өтіп жатыр

1592

Алматы облысында Қызылағаш оқиғасындағы балаларға арналған фотокөрме өтіп жатыр. Экспозиция авторы журналист әрі басылым редакторы Сандуғаш Дүйсенова күнделікті күйбеңді ұмытып, бір сәт балалар суретіне көз салуға шақырады.

Мұндай фотосуреттерді қалай сақтап қала алғаны туралы ол Алматы облысының аймақтық коммуникация қызметіндегі брифинг кезінде айтып берді.

Фотограф қызметінің ерекшелігі қарапайым көріністерден әдемілік іздеу. «Балалық шақ галереясы» атты көрме 2010 жылы су тасқынынан аман қалған Қызылағаш балаларына арналған. Әуесқой түсірілген бұл суреттерге бүгінде баға жетпейді.

Қызылағаш оқиғасынан бері 7 жыл өтті. Алайда автор бұл қайғылы оқиғаны ұмытпау керегімізді айтады. Сондықтан ол жинаған суреттерден көрме ұйымдастырған. Қайғылы оқиға салдарын жоюға 10 жыл толғанда автор осы балаларды жинап, олардың өмірі туралы баян етпек. Жалпы адамды селт еткізер 15 сурет бар. Автор суреттерді бірегей деп біледі, өйткені ол уақыттың суреттері бүгінде сақталмаған. Автор 20 жылдай журналистика саласында қызмет етіп келе жатқанымен, кәсіби деңгейде фотограф болуды ойламаған.