Астанада халықаралық Жайдарман ойындары өтті

2644

Астанада өткен халықаралық Жайдарман ойындары мәресіне жетті. Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстан және Қазақстаннан қатысқан бірнеше топ қатысқан сайыста Қырғызстан құрамасы бас жүлдеге ие болды. 

Шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырымен Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы мен Қазақстан КВН Одағы ұйымдастырған болатын.

Тартысты өткен сайыста жеңімпаз болған қырғыз құрамасы бас жүлдемен қатар, 500 000 мың теңгені иемденді.  І орын алған «Татарстан құрамасына» 350 000 теңге бұйырды. Ал Башқұрстаннан келген команда ІІ орын мен 300 000 мың теңгені алса, ІІІ орынға Торғай өңірінің намысын қорғап келген «Ару.кз» тобы мен «ОҚО құрамасы» ие болып, 150 000 теңгені қанжығасына байлады.

Сонымен қатар, Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі академия атынан жаркенттік ұйғыр жастарынан құралған «Lagman.com» тобы мен түркістандық өзбектер құрамасы «Яссы» тобына 250 000 теңге арнайы ақшалай сыйлық ұсынды.

Ойынғы төрелік еткен қазылар құрамында Сатирик Көпен Әмірбек, халықаралық Түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігi қоғаммен байланыс бөлiмiнiң меңгерушiсi Берік Уәли, «Республикалық радиолар» ЖШС директоры Мәди Манатбек, актер Нүркен Өтеуілов сынды танымал тұлғалар болды.

Ойын  «Қазақстан» ұлттық арнасынан көрсететін болады.