2022 жылы қазақстандық ЖОО-ларда оқуға арналған білім гранттарының саны тағы 5 мыңға артады. Осылайша, гранттардың жалпы саны 61 мыңға дейін жетеді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 5 мыңға, яғни...
Батыс Қазақстан облысындағы Достық ауылының тұрғыны Нәдір Қуанаев қардан мешіт көшірмесін жасады. Бұл туралы sputnik.kz сайты жазды.
Бұл - Абай даңғылында орналасқан Орал мешітінің көшірмесі.
Нәдір Қуанаев Instagram-дағы парақшасында қардан тұрғызылған мешіт көшірмесінің суреті мен видеосын жариялады. Желі қолданушылары оның жұмысына тәнті...
Елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін күн сайын мониторинг жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Осылайша, бизнестің 8 субъектісінің қызметінде сауда үстемесінен асып кету белгілері анықталды. Әкімдік аталған бизнес субъектілерін жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізді және...
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Твиттер парақшасында Жаңа Қазақстанның мақсаты - табыс алшақтығын жою екенін жазды.
"Жаңа Қазақстанның мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру, табыс алшақтығын жою, жұмыс орындарын ашу және инфляцияны тежеу. Біздің барлық күш-жігеріміз миллиондаған қазақстандықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс жағдайының сапасын...
Алматы кәсіпкерлері мүліктік залалдың орнын толтыру үшін қандай құжаттарды ұсынуы керек. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров айтып берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Оның мәліметінше, алдымен зардап шеккен бизнес өкілдері өтінішті электронды нысанға «InfoKazakhstan.kz» жіберуі...
Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.
Қазір КВИ індеті қайта күшейіп, эпиджағдай тұрақсыз болып отыр. Ал денсаулықты қорғаудың басты жолы вакцинация және ревакцинация болып қала бермек. №4 қалалық емхананың дәрігер-эпидемиологы Айман Досанова коронавирусқа қарсы вакцинаны кім және қашан алуы керектігін айтты. Бұл туралы елорда әкімдігінің...
«Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев қор ең алдымен тәртіпсіздік кезінде қаза болған құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскерилердің отбасына көмек көрсететінін айтты.
«Әрине, қор халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында жұмыс істейді. Біздің алғашқы қайырымдылық жобамыз - жаппай тәртіпсіздік кезінде...
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген алдағы наурыз айында Дубай қаласында жеке концертін өткізеді. Әнші бұл туралы өзінің Instagram-парақшасында мәлім етті.
«25 наурызда екі жылдық пандемиядан кейін Дубай қаласындағы Coca Cola аренада өтетін үлкен жеке концертімнің өтетіндігін хабарлаймын. Билеттер сторис пен профиль...
ҰҚШҰ бітімгершілік әскері Қазақстан аумағынан толық шығарылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Олжас Құсайынов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті.
«Бүгін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық бітімгер күштерін Қазақстан аумағынан шығару аяқталды. Соңғы жеке құрам...