Бір күні… (Сезім жырлары-2)

2641

Көз жасын төгетін күздей даласын,

Жалпақтан бас мейлі жалғаныңды да.

БІР КҮНІ сен түк те сезбей қаласың

Ғашық боп қалғаныңды да.

 

Ұғынбай жаныңды жабығасың әлі

Батырып әр күнді күрсінуменен.

Сен мені іздейсің, сағынасың әлі

Қиын болды деп «түсіну» деген.

 

Сен менің күлкімді аңсайсың білем,

Тең көріп өмірде барлық асылды.

Жолыма қарайлап шаршайсың білем,

Құшаққа қысқың кеп қарлығашыңды.

 

Сені де сезімің сынайтын болад(ы),

Бұйырмас бақытым, бағым — еңселім.

Жүрегің тілім боп жылайтын болад(ы),

Танымай өтсем мен жаныңнан сенің.

 

Басқаны бағыма балаймын дағы,

БІР КҮНІ тағдырдың етіп қалауын.

Жүзіңе жымиып қараймын дағы,

Жаныңнан бұрылып кетіп қаламын.

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаМотивациялық хат: Мамандығым — мақтанышым!
Келесі мақалада«Жайдарлы Жас ұлан» КТК республикалық конкурсы  өтеді