Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды

1001

Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды. Қарашаның 13 мен 16 аралағанда өтіп жатқан жарыста 14 облыс пен үш мегаполистің спортшылары бақ сынауда. Олардың сапында халықаралық аренада ел абыройын асқақтатып жүрген дзюдошылар да бар. Әр бірі жеңіске жетуге ынтығып, үздік нәтиже көрсетуде.

Ел біріншілігіне 500-ге тарта спортшы қатысуда. Олар 14 салмақ дәрежесі бойынша кіл мықтының ішінен ең үздігін анықтайды. Әр облыстың баптаған тұлпарлары дара танылып, татамиде мүмкіндігін байқауда. 3 күндік қорытынды бойынша медальдар санымен Маңғыстау облысы көш басында. Қоржында 3 алтын 2 күміс 1 қола

Ел біріншілігінде жеңіске жеткендер ұлттық құраманың сапына еніп, халықаралық жарыстарға жолдама алады.

Айта кетейік, қазіргі таңда Астанада 100-ден астам дзюдо секциясы жұмыс істейді. Қатары 2019 жылы 85 секциямен толығады

Руслан Жұбаныш, журналист

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаАстана «Жайдарман» біріншілігінің биылғы чемпионы анықталды
Келесі мақалада«Сақшы» құқықтық тәртіпті сақтау студенттік жасағына 5 жыл