Балқаш жағалауындағы ежелгі қалаларға экспедиция

1611

Жуырда Текелі қаласының Туризм және өлкетану балалар мен жасөспірімдер орталығында зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген балалар жетекшілерімен бірге Балқаштың оң жағалауына жасалған ғылыми-зерттеу экспедициясына қатысты.

Экспедицияны Алматы облысының туризм басқармасы X-XIII ғасырда өмір сүрген Ағашаяқ, Қарамерген, Ақтам ежелгі қалаларын зерттеу мақсатында ұйымдастырған. Текеліліктерден басқа бұл экспедицияға І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің тарих және туризм пәнінің оқытушысы Еркін Топанов, Алматыдан келген археолог Руслан Шербаев қатысты.

Бес күн ішінде команда аталмыш үш қаланың топырақ басқан орындарында болып, оларды зерттеуге мүмкіндік алды.

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаЛимонның біз білмейтін қандай пайдасы бар?
Келесі мақалада«Туған топырақты аялайық!»