Алматылық тұрғындарға жәрмеңке келе жатыр

1145

Осы аптаның сенбісінде Алматы қаласындағы облыстың 16 ауданы мен 3 қаласының және «Жетісу» ӘКК қатысуымен күздің алғашқы ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жетісулық ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер 360 тоннадан астам сапалы әрі экологиялық таза өнімдерін нарық бағасын төмен бағада ұсынбақ.

Жалпы Алматыға өнімнің 48-ден астам түрі жеткізіледі. Соның ішінде жалпы құны 180,1 млн теңгені құрайтын 34,4 тонна ет, 16,8 тонна сүт өнімдері, 102,1 тонна көкөніс, 11,8 тонна балық, 36 тонна жеміс-жидек, 40,9 тонна картоп пен 115 тонна өзге де өнімдер бар.

Осы күні қала тұрғындарының назарына облыстың өнер ұжымдарының дайындаған концерттік бағдарламасы да ұсынылмақшы.

Естеріңізге салар болсақ, кезекті күзгі жәрмеңке Алматы қаласының айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру, азық-түлік бағасын тұрақтандыру мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған шара.

Жәрмеңке 9 қыркүйек күні Жібек жолы көшесінде (Желтоқсан – Наурызбай батыр көшелерінің қиылысы) сағат 07.00-де басталады.

Бөлісу:
Алдыңғы мақала«Туған өлкем — тағдырым» көрмесі
Келесі мақаладаАлматы облысы әкімдігінің грантына домбырашылар ансамблі құрылды