“ЭКСПО – мереке” әні тыңдармандарға жол тартты

1745

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында Алматы облысының мәдениет күндері басталды.

Мәдениет күндері Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы мен «Алатау əуендері» өнер ұжымының «Жетісу – жұмақ мекенім» атты концертімен ашылды. Ол «Қазақстан» орталық концерт залында өтті.

Концертте М.Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі, «Алтынай» мемлекеттік халықтық би ансамблі, «Сазген», «Адырна», «Құлансаз» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдері, «Талдықорған əуендері» ансамблі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген əртістері Қанат пен Айтгүл Құдайбергеновтар, Ұлжан Айнақұлова жəне басқа да əншілер өнер көрсетті. Мазмұнды шарада Жетісудың бай өнері мен мəдениеті, көпэтносты халқының бірлігі паш етіліп, «ЭКСПО» көрмесіне арнайы жазылған «EXPO мереке» əні мен «EXPO» биі де көрермендер назарына ұсынылды.

Жалпы Алматы облысының Астанадағы Мәдениет күндеріне Жетісу өңірінен 400-ге жуық әртістер, суретшілер, спортшылар, қолөнер шеберлері және басқа да өнер иелері келген.

Мәдениет күндері 11-15 шілде аралығында өтеді.

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаАлматы облысында 100-ден аса адам кәсіпкер атанды
Келесі мақаладаӨңіраралық ынтымақтастықтың жаңа белесі