Сычуань провинциясымен келісімге қол қойылды

1232
?????????????????????????????????????????????????????????

Алматы облысы мен ҚХР Сычуань провинциясының арасында достық қарым-қатынас орнату туралы келісімге қол қойылды. Тараптар экономика, сауда, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің міндетін атқарушы Лаззат Тұрлашовтың Сычуань провинциясынан келген делегаттармен кездесуі барысында айтылды.

Кездесу барысында Л. Тұрлашов өңір экономикасын, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешен саласын дамытудың басымдықтарын атап өтті. Олардың қатарында сүтті және етті бағыттағы мал шаруашылығын индустриаландыру, қант өндірісі, сол сияқты интенсивті бақтардың алаңын ұлғайту шаралары бар. Сонымен қатар Л. Тұрлашов облыстың қолайлы инвестициялық климаты мен инвесторларға ашықтығын да тілге тиек етті.

Өз кезегінде делегацияны бастап келген Сычуань провинциясының Халықтық саяси консультативтік кеңесі төрағасының орынбасары Гао Фэн ұйымдастырылған кездесу үшін ризашылығын білдіріп, Сычуань провинциясының әлеуметтік-экономикалық өркендеуі жайлы баяндады. Сондай-ақ провинцияда ауыл шаруашылығы саласы жақсы дамығанын айтып өтті. Сондықтан екі тараптың да ынтымақтастық орнатудағы әлеуеті мол.

Сөйтіп, кездесу соңында қос тарап өзара екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.  

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаIphone X: болашақты қарсы ал!
Келесі мақаладаМарат Қаниев: «Зұлпықардай қиып түсу қалды енді»..