Инвесторлардан өтінімдер қабылдау басталды!

874

«Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы Алматы облысында инвестициялық субсидиялау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында инвесторлардың өтінімдерін қабылдайтыны туралы хабардар етеді.

Инвестор ретінде Қазақстан Республикасында инвестициялық салынымдарды жүзеге асыратын агроөнеркәсіп кешен субъектісі болып табылатын жеке және заңды тұлғалар қарастырылады.

Инвестициялық субсидиялар Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі жаңа өндірістік қуаттар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған шығындардың бір бөлігін өтейді.

Инвестициялық субсидиялау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Орынбасары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің  2017 жылдың «01» ақпандағы № 48 бұйрығымен бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған Қағидалардың бірінші және екінші топтардың бағыттары бойынша инвестициялық субсидиялар берілетін  инвесторлардың өтінімдері қаралады.

Өтінімдер келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Талдықорған қ, Тәуелсіздік көшесі № 67 Б.

Анықтама алу үшін 8 (7282) 55-86-03 нөмірі бойынша хабарласуға болады. «Азаматтарға  арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаЖетісу тарихымен танысты
Келесі мақаладаЫнтымақтастық мәселелері сөз болды