Талдықорғандық оқушы химия пәнінен халықаралық олимпиадада жеңімпазы атанды

1012

Талдықорғандық оқушы Антон Моргунов Тайландта химия пәнінен өткен 49-ыншы халықаралық олимпиадада бірінші орынға ие болды.

Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Антон Моргунов химия пәні бойынша көптеген республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы. Былтырғы жылы химия пәні бойынша Грузияда өткен 48-інші халықаралық олимпиадада Антон күміс жүлде иегері атанды. Биылғы жылдың сәуір айында Астанада өткен 51-інші халықаралық Мендель олимпиадасында да жеңіске жетті. Сол кезде Антонға М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің білім гранты табысталған болатын.

Накхон Патхом қаласында өткен олимпиадаға 76 елден келген 300-ден астам оқушы қатысты.

Олимпиада нәтижесі бойынша төрт оқушыдан тұратын Қазақстан құрама командасы бір алтын және үш қола жүлдеге ие болды.

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаЫнтымақтастық мәселелері сөз болды
Келесі мақаладаБолашаққа бағдар айқын