Сенаторлар «Қорғас» ХШЫО жұмысымен танысты

856

Парламент Сенатының 2017 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Алматы қаласы мен Алматы облысында Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Мемлекеттік шекара күзеті мәселелері жөніндегі көшпелі отырысы өтті.

Көшпелі отырыс аясында депутаттар «Қорғас» Халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығының қазақстандық және қытайлық бөліктерінің жұмысымен танысты. Сенаторларға орталықтың егжей-тегжейлі жобасы, сол сияқты ХШЫО аумағында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар сапар барысында Комитет мүшелері «Қорғас» шекаралық заставасында және Жаркент шекаралық отрядының «Шығыс» аймақтық басқармасында болып, техникалық жабдықталуымен, жеке құрамның тұрмыс-тіршілігімен танысты.

Бөлім командирі Б. Рамазанов депутаттарға отрядтың күнделікті қызметтік-әскери жұмысы жөнінде баяндап, жауапты учаскедегі бүгінгі ахуал туралы айтып берді.

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаМидың күшімен әуен жазуға мүмкіндік беретін бағдарлама жасалды
Келесі мақаладаҮрмелі шарлар фестивалі Алматыда!