Алматы облысының көрікті жерлері

2347

Алматы облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылған, аумағы — 224 мың шаршы км. Облыс республиканың оңтүстік шығысында орналасқан. Шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі. Жетісу жері Алматы облысының аумағы. Ол көп ғасырлық тарихы бар, өте әсем және ғажайып өлке. Алматы облысында Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының негізгі бағыттарының бірі – «Туризм» пилоттық кластері жүзеге асырылуда.

Жетісу — тарихи, мәдени, археологиялық, этнографиялық, табиғи ескерткіштерге бай өлке. Қазақстан егемендігінің символы атанып кеткен «Алтын адам» облыстың аумағында табылған, табиғаттың жұмбағы – «Айқай құм», ерте палеолит дәуірінен қалған Шарын өзені арналарында орналасқан. Согдиан шаған ағаштарын да дәл осы жерден көре аласыздар.

Тамаша көктемімен, ерекше жазымен, қайталанбас күзімен, қарлы қысымен, көк жайлауымен, таза ауасымен өлкеміз таңғажайып әдемі.
Алматы облысының табиғаты өте ерекше. Саяхаттың бір күнінде-ақ, көп уақыт жұмсамай-ақ шөл даладан қарлы жерлерге дейін табиғи аумақтардың барлығын көре аласыздар. Өңіріміздің флорасы мен фаунасы өте бай. Дәл осы табиғи ерекшеліктерімен қазақтардың көне жері сауда керуендерін өзіне тартқан.

Қазіргі таңда туризм экономика саласының басым бөлігі ретінде анықталған, оның дамуы бюджет түсімінің көлемін арттыратыны сөзсіз. Біз облысымыдың оң туристік имиджін қалыптастырып, оны туризм тұрғысынан тек қана Қазақстан тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар шетел мемлекеттеріне де тартымды жасағымыз келеді.

Жақын арада Жетісу жерінде қолда бар санаторийлер, демалыс үйлері мен туристік базаларға қосымша заманауи жаңа кемпинтер салу, автомогистральдар салу, саяхатты жақсы көретін шетел туристтері мен Қазақстан тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруға бағытталған туризм индустриясын дамыту жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаТуризмді дамыту шаралары үздіксіз жүргізіледі
Келесі мақаладаӘлемге аты шыққан Шарын шатқалы