Әлемге аты шыққан Шарын шатқалы

2196

Алқаптар ғимараты деп аталатын Шарын шатқалы Алматы қаласынан 195 шақырым, Талғар ауданынан 180 шақырым қашықтықта орналақсан. Шатқалды бойлай ағып жатқан Шарын өзені ең үлкен өзен аңғары болып есептеледі. Табиғаттың мұндай көркі сонау 30 млн жыл бұрын пайда болған.

Шарын – қазақ елінің туристерін құшақ жая қарсы алатын қонақжай мекендерінің бірі. Төбесі көкке тиіп тұрған үлкен тастар өздігінен салынған ертегілер қаласын еске түсіреді. Оның пішіндері қолдан салынған ғимарат, мұнараларға қатты ұқсайды.

Шарын шатқалының «Австралия Ұлттық саябағы» мен «Аризон толқынына» ұқсайтын белгілері бар.

Шарын шатқалының төменгі аралығында үнділік бөріқарақат (барбарис) тораңғы терегі жайлап өскен. Күз айларында бұл аңғар қып-қызыл жидектерге толады. Шарын өзенінің сағасында шаған орманы тамырын тереңге жайған. Осы тектес табиғи зона тек Солтүстік Америка жерінде ғана бар. Бұл орман бұрын Жетісу жағалауында жойылып кеткен хайуандар кезінен бері өмір сүріп келеді. Осы аймақта 1500 жуық өсімдік түрі өседі.

2005 жылы каньон аумағы мен шаған орманына қорық жасалып, қазіргі таңда «Қызыл кітапқа» 17 өсімдік, 62 сүтқоректі жануар, 103 ұялайтын құс, 62 бауырымен жорғалаушы еніп, қорғауға алынған.

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаАлматы облысының көрікті жерлері
Келесі мақаладаЖасылкөл — Жетісу жеріндегі ерекше көл