Мәслихаттың кезектен тыс XIX сессиясы өтті

1042

Алматы облысының әкімі А. Баталовтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIX сессиясы өтті. Сессияда облыстық ІІД-нің жергілікті полиция қызметі тарапынан атқарылған жұмысы туралы Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі М. Күштібаев есеп берді.

Сонымен қатар сессия барысында Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылдық округі мен Үшқоңыр ауылын Шамалған ауылдық округі мен Шамалған ауылы деп атау, Көксу ауданы Еңбекші ауылдық округі Амангелді ауылының атауын Зылиха Тамшыбай ауылы деп қайта атау, Қаратал ауданы Үштөбе қалалық округінің Опытное ауылын Ойсаз ауылы деп, Кербұлақ ауданы Қаспан ауылдық округінің Водное ауылын Қайнарлы ауылы деп қайта атау туралы мәселелер қаралды. Сонымен қатар облыс әкімдігінің дербес құрамына Алматы облысы әкімінің орынбасары Жеңіс Шылбынұлы Тұяқовтың енгізілуін келісу де күн тәртібіне қойылды.

Аталған мәселелердің барлығы да мәслихат депутаттары тарапынан бірауыздан қолдауға ие болды.

Жиын соңында депутаттарға арналған «Депутат» газеті мен «Тәуелсіздіктің ақ таңы» журналының бас редакторы Эльмира Үсенқызы өңірдегі бірқатар азаматтарға «Еңбек даңқы» төсбелгісі мен Алғыс хаттар табыстады.  

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаЖартыжылдықтағы даму барысы қорытындыланды
Келесі мақаладаАлматы облысында «Серпін» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау басталды