Алматы облысында «Әуезов» бағы ашылды

1169

Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы Нұрым ауылында «Әуезов» бағы ашылды. Мұхтар Әуезовтің 120 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға жазушының немересі Зифа-Алуа Мұратқызы қатысып, зор алғысын білдірді.

Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың мерейтойына арналған «Әуезов» бағының  аумағы 2 гектар. Ашылу салтанатына жазушының немересі, бір топ ақын жазушылар, аудан тұрғындары қатысты. Қонақтар 120 жылдыққа орай 120 түп ағаш отырғызды.

Жасыл бақтың ашылуына Гүлстан журналы мен Гүлзар қоғамдық бірлестігі ұйытқы болды. Туған мекенді жасыл желекпен көмкеріп, саябаққа айналдыру Гөзел Құлжабаеваның сүйікті кәсібі. Ол Күреңбел өңіріндегі үш бірдей ауылды гүлдендіріп, жасыл желекпен көмкерген кәсіпкер. Мәселен, көпбалалы аналар құрметіне «Батыр ана» саябағын ашса, бірі ұлы ақын «Абай» есімімен аталады. Сондай-ақ, Күреңбел өңірінің дара әншісі, қазақтың мақтанышы Нұрғали Нүсіпжанов атындағы алма бағы бар.

Бөлісу:
Алдыңғы мақала«Ерлігі мұра Ескелді»
Келесі мақаладаНазарбаев университетінде ашық есік күні өтеді