Алматы облысында егін жинау науқаны қызып тұр

1180

Алматы облысының диқандары астық орып жатыр.

Көктемгі егіс пен жинау жұмыстарын қаржыландыру Қазақстандағы агробизнесті қолдаудың маңызды құралы екені белгілі. Биыл «ҚазАгро» ұлттық холдингіне ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қолдауға 60 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінген.

Биылдан бастап қаржыландыру механизмі өзгерді. Енді «Аграрлық несие корпорациясы» банк кепілдігін берумен ауылшаруашылық тауар өндірушілерін тікелей қаржыландырады. Сондай-ақ ауылшаруашылық кооперативтері мен фермерлерді кейіннен қаржыландыру үшін банктерді, несие серіктестіктерін және шағын қаржы ұйымдарын қорландыруда. Қаржы институттары арқылы берілетін несиенің жылдық мөлшерлемесі 6%-дан аспайды.

Лизингтік бағдарламалар да фермерлерге көп көмек. Жыл басынан бері құны 17,7 млрд теңгеге 1230 қаржы лизингі шарттары жасалған. Ауылшаруашылық өнімдерін форвардтық сатып алу жүйесінің де пайдасы мол. Егер бұрын «Азық-түлік корпорациясы» арпа-бидай ғана сатып алған болса, биылдан бастап фермерлер майлы дақылдарын да өткізе алады.

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаЖанайдар Егінбайұлын еске алу турнирі өтті
Келесі мақаладаӘнші құм