Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

1310

Сенбі, 30 қыркүйекте Талдықорғандағы Қонаев көшесінің бойында орналасқан «ОптМаркет» көтерме сауда орталығы аумағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, оған Ақсу, Ескелді, Қаратал, Көксу, Кербұлақ, Сарқан аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары тауар өндірушілері мен «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жалпы көлемі 135 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әкелінеді.

Жәрмеңкеде өнім ассортименттері мен көлемі мол болады деп күтілуде. Атап айтқанда, қала тұрғындарына жылқы, сиыр, қой, құс еттері, балық, сүт өнімдері, картоп, көкөніс, жеміс-жидек, бал, қант, күнбағыс майы, қымыз және басқа да жалпы 50-ден астам азық түрі төмен бағамен ұсынылады. Жәрмеңкеде барлығы 69 млн. теңгеге  сауда жасау жоспарлануда.  

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаНазарбаев университетінде ашық есік күні өтеді
Келесі мақаладаТалдықорғанда Қала күні аталып өтілді