Жас отбасылар сайысы өтеді

920

6 шілде — Астана күніне орай Қызылорда Облысының Жастар Басқармасы қолдауымен «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 5 шілде күні сағат 11.00-де жас отбасыларды қолдауға бағытталған облыстық «FAMILY CUP» интеллектуалды онлайн марафоны өткізіледі.

Талаптары:
• Шараға 29 жасқа дейінгі өңіріміздің барлық жас отбасылары қатыса алады;
• ZOOM бейне байланыс месенджері арқылы байланысқа шығу;
• 4 шілде 2020 жылдың сағат 19.00-ге дейін тіркелу.

Жеңімпаздарды қорытынды ұпайға сәйкес (бас жүлде және тағы да 2 марапат) бойынша диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Қосымша ақпарат алу және тіркелу үшін
8 775 391 28 27 ұялы телефонына хабарласуға болады.

БАРЛЫҚ ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

Бөлісу:
Алдыңғы мақала«FAMILY CUP» жас отбасыларға арналған марафоны
Келесі мақаладаЖАСТАР МЕН ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОРТАЛЫҚ