Елорда жастары Есен Елеукенмен кездесті

953

Жастар  жылы  аясында  Нұр-Сұлтан  қаласының  студенттері   «Tamasha tv» телеарнасының  директоры  Есен Елеукенмен  кездесті. Кездесу ҚР Ақпарат және  қоғамдық  даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды  қолдау  орталығы» КЕАҚ-ның  мемлекеттік қолдауымен «Жігер.Абырой. Сана» қоғамдық  қоры қолдауымен ұйымдастырылды.

30 қазанда  «Нұр Отан» ХДП  Нұр-Сұлтан  қалалық  филиалының  ғимаратында өткен шараға  елорданың түрлі  оқу  орындарынан  келген  студенттер қатысты.  Жастардың қызығушылығы бірден Жайдарман  тарапына  ауды.  Көптің  көкейінде жүрген  «Жайдарманға  қалай  келуге  болады?» деген  сұраққа кеңінен  жауап берілді. Жалпы Жайдарманның жолы  қалай  басталғанына , өсу жолына  кеңінен тоқталды. Tamasha tv-ға қалай  келгені, осы жоба туралы айтылды. Студенттер  қызықты әрі  ұзақ әңгіме арасында  өз сұрақтарын қойып, пікір алмасып  отырды.

 

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаЕлорда жастары жандануда
Келесі мақаладаМаңғыстау мекенінің жастармен жұмысы