Алматы облысынан бір топ жеткіншек «ЭКСПО-2017» көрмесіне аттанды

1354

Алматы облысынан 25 оқушы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне аттанды. Жолдаманы жас буынға Талдықорған кәсіподақ аумақтық ұйымы ұсынды. Олар оқушыларды Алматы вокзалынан сән-салтанатпен, ақ батасын беріп шығарып салды. «Мұндай саяхат балалардың  патриоттық сезімдерін арттыра  түседі деп ойлаймын.

Олар Елорданың ең көрікті жерлеріне барып, музейлерді  де тамашалайтын болады.  Балаларымыздың  жататын орны, жүретін жолы бәрі шешілген. Сәт-сапар тілеймін», — деді  Талдықорған кәсіподақ аумақтық ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров.

«Мен жетінші сыныпта оқимын. Елорда төрінде өтіп жатқан  халықаралық деңгейдегі көрмені көру арманым. Шетелдіктердің тың жобаларын көру мен үшін өте қызық. Еліміздің павильоны жайлы көп оқыдым. Әсіресе сегізінші қабаттағы шыныдан жасалған көпірмен жүргім келеді. Осындай көрмені тамашалауға мүмкіндік тудырған ұйымдастырушыларға алғысым шексіз», — дейді Алексей Шайкин.

Алматы облысынан Астананы көруге Ескелді, Қаратал, Алакөл, Көксу, Сарқан, Кербұлақ сынды аудандардың балалары барады.

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаАлматы облысында «Балуан Шолақ» фильмі түсіріліп жатыр
Келесі мақаладаҰБТ-дан құлап қалғандар тегін оқи алады