Astana CityPASS туристік картасы

2310

«Astana Leisure — 2017» халықаралық көрмесінде Astana CityPASS туристік картасы таныстырылды.

27 — 29 қыркүйек аралығында «Көрме» орталығында Қазақстандағы айтулы туристік оқиға «Astana Leisure — 2017» болып өтті. 14-ші қазақстандық халықаралық көрме туризм саласының кәсіби жетекшілерінің, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың беделді өкілдерінің, БАҚ және елорда тұрғындары мен қонақтарының басын біріктірді. Көрмеге Ұлыбритания, Венгрия, Вьетнам, Германия, Египет, Қазақстан, Корея, Ресей, Словения, Таиланд, Украина сияқты 11 мемлекеттен 100 компания қатысты.

Astana CityPASS  жобасы 2017 жылдың маусым айында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен ұсынылған еді.

Бұл картаны қолдану туристің қаражаты мен уақытын үнемдеуге мүмкіндік бере отырып, көрікті орындарды аралау мен басқа да қызметтерге жеңілдіктер береді.

CityPASS туристік картасының қолайлылығы әлемнің көптеген мемлекеттерінде дәлелденген: Singapore CityPASS, Moscow CityPASS, St. Peterburg CityPASS, CityPASS USA, NewYork CityPASS, Paris City PassPort, London CityPASS, Berlin CityPASS және т.б.

Комплект құрамында:

  • смарт-карта.
  • Көрнекті орындарға кіру және экскурсия тегін
  • 4 тілде жолжүруге ақпарат-кітапша(ҚАЗ, РУС, ENG, CHN)
  • қаланың картасы
  • Beeline сим-картасы
  • қаланың 30 үздік орындарына арналған 15%-ға дейінгі жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстар
  • «Астана-Бәйтерек» монументімен басқа жерлерге кезексіз кіру!
    Astana CityPASS туристік картасына мына орындарда қол жеткізе аласыз:
  •  Офис — Ағыбай Батыр көшесі 5 
  •  «Байтерек» маңындағы алаң
  •  Аэропорт (2 этаж)
  •  Теміржол вокзалы («Кітаптар; Газеттер; Журналдар» дүкені)
  •   KeruenCity
  •   Mega Silk Way
  •  «Нұрлы жол» теміржлол вокзалы

 Astana CityPass бағасы 6990 тг.

.

 

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаКүзгі санитарлық айлық басталды
Келесі мақаладаИнтернет журналистке арналған 140 кеңес