Алматы облысында әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінің жеңімпаздары анықталды

1406

Талдықорған қаласында «Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі алғаш рет ұйымдастырылды. Тағайындалған гранттардың жалпы сомасы 4 500 000 теңге.

Іс-шара барысында Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденінің иегері,  комиссия мүшесінің төрағасы Ермек Келемсейіт құттықтап, жеңімпаздарға сертификаттар табыстады. Байқау нәтижесіне сәйкес, үздік 15 жоба анықталып, 5 жобаға 500 000 теңге және 10 жоба авторларына 200 000 теңге көлемінде сертификаттар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін табысталды.

«Жәрмеңкеге қатысу үшін өтінімдер ағымдағы жылдың 20 сәуірінен 30 мамырға дейінгі аралықта қабылданды.  Алматы облысының 13 аудан мен 3 қаласынан, 29 ҮЕҰ-нан 43 жоба келіп түсті.  Алматы облысының үкіметтік емес ұйымдары үшін бұл маңызды іс-шара екендігін атап өту керек», — деді консалтинг орталығының жетекшісі Елдар Сапаров.

Байқау ұйымдастырушылары атап көрсеткендей, аталмыш жоба бойынша қаржыландыру жылдан жылға ұлғайып, ҮЕҰ өкілдерінің жұмыстарына жаңаша серпін бермек.

Бөлісу:
Алдыңғы мақалаАСТАНА – ОТАНЫМЫЗДЫҢ ЖҮРЕГІ
Келесі мақаладаАстанадағы Алматы облысы мәдениет күндерінің бағдарламасы таныстырылды