Астанадағы Алматы облысы мәдениет күндерінің бағдарламасы таныстырылды

1851

11 шілдеде сағат 18.30-да Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен Астана қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында Алматы облысының Мәдениет күндерінің «Жетісу – жұмақ мекенім» атты салтанатты ашылуы өтеді.

Сондай-ақ, қонақтарға кештің бағдарламасы ұсынылады.

11 шілдеде сағат 19.00-де «Жетісу – жұмақ  мекенім» атты Алматы облысы мәдениет күндерінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Сағат 18.30-да Б.Римова атындағы облыстық драма театрының қойылымында Д. Исабековтың «Құстар фестивалі» (Жастар театры) спектаклі өтеді. Сағат 12.30-да Б.Римова атындағы облыстық драма театрында У.Шекспир «Ромео-Джульетта» спектаклі көрсетіледі.

11-15 шілде аралығында М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің «Туған өлке – тұнған тарих» атты көрмесі өтеді. (Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-тарихи музейі).

11-20 шілдеде сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін «Ұста Дәркембай» атындағы қолөнер музейінің  қолөнер және суретшілердің көрмесі, шеберлік класы («Шығыс базары» этноауылы) өтеді.

11-15 шілдеде Көркемсурет галереясының «Жетісу  суретшілері» атты қылқалам шеберлерінің көрмесі (Көркемсурет галереясы, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-тарихи музейінде) өтеді.

12 шілдеде сағат 18.30-да Б.Римова атындағы облыстық драма театрыныңқойылымында С.Балғабаевтың «Ең жақсы еркек» спектаклі (Жастар театрында) өтеді. Сағат 19.00-де Сүйінбай атындағы облыстық филармониясының және «Құлансаз» ФЭА-нің «Жетісу – ән, жырдың ордасы» дәстүрлі әншілер концерті өтеді.

13 шілдеде сағат 18.30-да Б.Римова атындағы облыстық драма театрыныңМ.Иманғазинов «Ільяс» спектаклі өтеді. Сағат 19.00-де «Талды арулар» Алтынай мемлекеттік халық би ансамблінің концерті өтеді.

14 шілдеде сағат 16.00 – 21.00 аралығында Сүйінбай атындағы облыстық филармониясының және «Құлансаз» ФЭА-нің «Ауылың сенің іргелі» дәстүрлі әншілер концерті (Этноауыл) өтеді.

14-15 шілде күндері сағат 11.00-17.00 аралығында Алматы облысының спортшыларының қазақ күресінен,аударыспақтан, теңге ілуден, жамбы атудан, асық атудан, бүркіт салудан, тоғызқұмалақтанкөрермендер үшін шеберлік көрсетілімдері және  қазақ иттерінің көрмесі (Ипподром, этноауыл) өтеді.

Ал 15 шілдеде сағат 21.00-де «Жерұйық – жасыл бауларым» атты Алматы облысы мәдениет күндерінің салтанатты жабылуы (Амфитеатр) өтеді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астанада Алматы облысының мәдениет күндері өтетіні жайлы хабарланған болатын. Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың айтуынша, биыл 11-15 шілде аралығында елордада Алматы облысы Мәдениет күндері өтеді. Мәдениет мекемелерінің ұжымы және қолөнер шеберлері арнайы ЭКСПО қонақтарына өз туындыларын тарту етеді.