15 қарашада Астана қаласының финалы

1054
15 қараша – Астана қалалық финал

15 қараша күні Қазмедиа концерт залында Астана қаласының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен қалалық Жайдарман біріншілігінің финалы болады.
Басталуы 17:00, кіру тегін.
Маусым бойы 45 топ арасынан үздік шыққан 6 команда биылғы басты кубокқа таласады.
Ойын үш сайыстан тұрады: сәлемдесу, әуенді жамбы ату және көрініс. Соңғы конкурстың ерекшелігі – финалистер жайдарманшы жұлдыздармен бірге ойнайды.

Маусымның үздігін бірге анықтаймыз, келіңіздер!