Жоғары лига финалының 2017 жылғы чемпионы – Сырдария құрамасы!

3608

2017 жылдың 29 қарашасы Жайдарманның «Шабытты маусымының» чемпионы анықталған тарихи күн.»Шымкент жастар құрамасы», «Байдың балалары», «Сырдария құрамасы», «Элемент», «Сағыз» командалары бақ сынасқан ойында чемпионды анықтау оңайға түспеді. Әзілі мен сөзі келісті, өнері мен дауыстары жарқын командалардың әрқайсысының қайталанбас стильдері мен ерекшеліктері бары сөзсіз.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан команда, «Шабытты маусым» чемпионы – «Сырдария құрамасы». Әділ қазылардың шешімімен Шабытты маусымның үздік ойыншысы деген атаққа Қуаныш Кеңес (Сағыз құрамасы) ие болды.

Финалдық ойынға Қазақ радиоларының басшысы Мәди Манатбек, белгілі сатирик Көпен Әмірбек, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бахтияр Мәкен қазылық етті.

Ойын қортындысы бойынша Чемпион «Сырдария құрамасы» 11,5 ұпай жинаса, «Байдың балалары» 11,2 қпайды қандығаларына байлап, екінші орынға ие болды. Олардың артынан «Элемент» 10,9 ұпаймен 3 орынға қол жеткізсе, «Сағыз» командасы 10,2 ұпай еншіледі. Бестікті «Шымкент жастар құрамасы» 9,6 ұпаймен қорытындылады.

Қызықты да тартысты финалдық ойын көрермендер көңілінен шыққаны анық. Ойын бойы көрермендердің орнынан тұрып қол шапалақтауы, сахнадағы команда мүшелерінің көрермендермен көзге жас ала қимай қоштасуы, жанкүйерлердің командаларына берген толассыз қолдауынан Жайдарманның нағыз достық мекені екенін сезінуге болады. Жаңа маусымда да осындай керемет бестік шығатынына сенеміз.